ЕСКЕРТУ!
 Конкурс " Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 432 бірлескен бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
 КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ:
 1.Лауазым математика пәнінің мұғалімі ( 1 бірлік тұрақты)
 2.Лауазымдық жалақысы :160000-180000тг
 (еңбек сіңірген жылдарында байланысты)
 3.Оқыту тілі:қазақ
 4 Біліктілік талаптары:
 Арнаулы-орта (педагогикалық) және жоғары білімі(педагогикалық)
 Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
 1)конкурсқа қатысу туралы өтініш;
 2)Жеке басын куәландыратын құжат;
 3)кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
 4)Педагогтардың үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
 5)Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
 6)"Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы N ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша Денсаулық жағдайы туралы анықтама
 7)психоневрологиялық ұйымынан анықтама;
 8)наркологиялық ұйымынан анықтама;
 9)Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың,
 Педагог-сарапшының
 Педагог-зерттеушінің
 Педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
 10) бос лауазымдық кандидаттың орнына толтырылған бағалау парағы.
 Құжаттарды қабылдау мерзімі
03.09.2024 ж -11.09.2024 ж